2015 жылғы 25 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі
«Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №149 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 14, 84-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы
№1065 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 наурыздағы
№149 қаулысына қосымша
Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және
ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлу
Р/с
№ Іс-шаралардың атауы Жауапты
мемлекеттік
органдар Сома, мың теңге
1 2 3 4
5.1.1-мақсат. Қауіпті мінез-құлық факторларын бақылау профилактикасы және оны күшейтуге кешендік ұстаным арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру
1 Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайын салалық спартакиадалар ұйымдастыру және өткізу МСМ 57 196
2 Республикалық деңгейде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік телевизиялық бағдарламасын жасау ИДМ 64 500
5.1.2-мақсат. Халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы
3 Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау науқанын жүргізу ДСӘДМ 12 600
4 Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қалыптастыру ДСӘДМ 49 917
5 Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша бейне және аудиороликтер шығару ИДМ 2 220
5.1.4-мақсат. Жол-көлік жарақаттанушылығы және одан болатын өлімді төмендету
6 Жол қауіпсіздігі проблемалары бойынша қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу ІІМ 1 669
7 Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша әлеуметтік роликтер дайындау және орталық, республикалық телеарналарда олардың прокатын қамтамасыз ету ІІМ 24 720
8 Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада мамандандырылған бағдарлама әзірлеу ІІМ 16 700
9 Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бойынша буклеттер, ақпараттық материалдар шығару ІІМ 6 650
5.1.5-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету
10 Трассада шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша 40 трассалық пункттің жұмыс істеуі ІІМ 787 373
11 Санитариялық тікұшақтарды пайдалануды қамтамасыз ету үшін 2 ангар сатып алу ІІМ 57 848
5.1.6-мақсат. Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылықтың және одан болатын өлім деңгейін төмендету
12 АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҮ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс- қимылды нығайту ДСӘДМ 1 425
13 Қамауда ұстау орындарында АИТВ инфекциясының профилактикасы бағдарламасын іске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын енгізу. Бас бостандығынан айыру
орындарында АИТВ/ЖИТС-ке қарсы
күрес үшін ҮЕҮ әлеуетін дамыту* ДСӘДМ 32 724
оның
ішінде:
Ақмола облысы 2 709
Ақтөбе облысы 1 921
Алматы облысы 2 544
Атырау облысы 506
Шығыс Қазақстан облысы 4 145
Жамбыл облысы 2 661
Батыс Қазақстан
облысы 1 205
Қарағанды облысы 4 279
Қостанай облысы 2 581
Қызылорда облысы 907
Маңғыстау облысы 1 315
Павлодар облысы 1 500
Солтүстік Қазақстан облысы 2 160
Оңтүстік Қазақстан облысы 1 359
Алматы қаласы 894
Астана қаласы 2 038
Барлығы 1 115 542
Ескертпе:
* Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар мен одан босап шыққан адамдар арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті денсаулық сақтау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСӘДМ – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
МСМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ҮЭМ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ИДМ – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
ҮЕҰ – үкіметтік емес ұйымдар